«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жарық негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Жарыкская основная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
2025-2026 оқу жылы бойынша Мектеп формасы бекітілді.
📌 Құрметті ата-аналар!
📚 Жарық негізгі орта мектебі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы №250 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарындағы бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, ата-аналар комитетінің шешімімен мектеп формасын бекітті.
👔 Мектеп формасы:
🔹 Ұл балаларға: қою көк түсті шалбар (ұзындығы тобықты жауып тұруы қажет), кеудеше, ақ жейде (қысқы уақытта – көк түсті пиджак, ілгекті немес ысырмалы ілгекті қалың бомбер киюге рұқсат).
🔹 Қыз балаларға: қою көк түсті тізеден 10 см төмен тұратын сарафан немесе белдемше, ақ блузка, ақ бантик (қысқы уақытта – көк түсті пиджак, ілгекті немесе ысырмалы ілгекті қалың бомбер киюге рұқсат).
🔹 Мектеп формасын алған кезде діни элементтердің болмауын, матасының баланың денесіне жағымды болуын басты назарда ұстау қажет.
🔹Мектепке әшекей бұйымдар (сырға, сақина, білезік, моншақ) тағуға, денені жарақаттау мүмкіндіктері бар үшкір заттарды алып келуге тыйым салынады.
✅ Мектеп формасына қойылатын талаптар – ұқыптылықты, тәртіптілікті және біртұтастықты сақтауға бағытталған.
🎓 Бірлескен шешім – оқушылардың жайлы ортада білім алуына қолайлы жағдай жасайды.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
2024 жылғы 20 ақпанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Ақтөбе қаласы, «High school Aktobe» жеке мектебінде өткізілді.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді, кәсіби көзқарасын қалыптастыру, үздік педагогикалық идеяларды насихаттау.
Педагогикалық олимпиадаға 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар пән мұғалімдері, психологтер, тәлімгерлер, барлығы 47 педагог қатысты.
Олимпиада мазмұны педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырды.
Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері а. ж. 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
«Жарық негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Жарыкская основная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»