Жарық негізгі орта мектебінде 14 Наурыз Көрісу күні, Амал мерекесіне орай,біртұтас тәрбие бағдарламасының ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында А.Жұбанов атындағы саз мектебінің филиалы "АСЫЛ МҰРА" домбыра оркестр класы ашылды. Ашылу салтанатына ауыл әкімі Дамир Маликұлы, ауданымыздың ардагер ұстазы Алпен Қашшапқызы, Саз мектебінің директоры Жанат Алтайұлы, мектебіміздің ардагер ұстазы Кенжебай Аманқұлұлы, Қамқоршылық кеңес төрағасы Бақтыбай Қоқайұлы және ата-аналары қатысты. Ашылу салтанатына Музыка мектебінің Саз Отау ансамбль жетекшісі Эльмира Болатбайқызы оқушыларымен келіп өнер көрсетті. Ауыл ақсақалдары оқушыларымызға ақ батасын беріп, домбыра класының қызыл лентасын кесті.Ән әуелетіп,күмбірлеген күй тартылды.
Жетекшісі: Қуаныш Нұрсәт Қанатұлы